Список документов
Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп

соғады жүрегіміз» 

Жүргізуші: Армысыздар,

құрметті ұстаздар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігімізге  арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 


Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде

қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына

қоса алдық. осы жылдар ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын

өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы

ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш

Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда

айтып өтеміз. 

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп

білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз

ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Жүргізуші: сөз кезегін балабақшамыздың

меңгерушісі Кушенова.Б.Е береміз.


Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым, 

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


Тақпақ: 6 бала


Жүргізуші: 

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Би: «Әке толғауы»


Жүргізуші:

Бақытым - Республикам Қазақстан, 

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 

Саған жетпес құшағы әлемнің де, 

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз - өзінен жүрегім ән салады.


Ән:

«Ақ көгершін»


Жүргізуші: 

Қазақ дейтін менің бір елім, 

Жатыр алып жарты дүние әлемін. 

Бұл даланы анам жаспен суарған, 

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең

байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты

бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл

сеніп, үміттерін үзбеді. 

 

Би:

«Листопад»


«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ.

Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан»

егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын

осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан

дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі

өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк

байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 


Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 

Кеңейттім кең әлемге керегемді. 

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 

Таныды тепе - тең деп тереземді. 

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігімізге арналған

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп

жетті. 

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 

Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды

болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Прикреплённые файлы:Scenarij_Tauelsizdik.docx
Автор: администратор
Просмотров: 631
Дата создания: 11 Января 2016 г.
Дата редактирования: 11 Января 2016 г.
www.egov.kz
Опрос